Дауыс беру үдерісі – азаматтық белсенділіктің айқын көрінісі

Дауыс беру үдерісі – азаматтық белсенділіктің айқын көрінісі

Жаңаарқа ауданындағы сайлау учаскелерінде дауыс беру үдерісі жалғасуда. Белсенді қатысуды қолдау және тұрғындарға ыңғайлы ету мақсатында учаскелерде арнайы фотозоналар ұйымдастырылған. Фотозоналарға келген тұрғындар өз таңдауларын жасаған соң естелікке суретке түсіп, бұл маңызды саяси оқиғаны есте қалдыра алады. Мұндай шаралар тұрғындардың азаматтық белсенділігін арттырып, референдумға қатысуды қызықты әрі есте қаларлықтай етеді. Аудан тұрғындары өз таңдауын жасап, ел болашағына белсенді үлес қосуда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *