Экологиялық жауапкершілік – өркениетті қоғам белгісі

Қазіргі заманда елдің дамуы тек экономикалық көрсеткіштермен ғана емес, қоршаған ортаға деген көзқараспен де өлшенеді. Табиғатты қорғау, ресурстарды ұқыпты пайдалану және тазалық мәдениетін сақтау – өркениетті қоғамның басты белгілерінің бірі. Осы тұрғыда «Таза Қазақстан» акциясы экологиялық жауапкершілікті арттыруға бағытталған маңызды бастамаға айналды.

Экологиялық жауапкершілік – бұл тек сенбілікке қатысу немесе қоқыс жинаумен шектелмейді. Ол – күнделікті өмір салты. Әр азаматтың тұрмыстық қалдықтарды сұрыптауы, суды үнемдеуі, қоғамдық орындарды таза ұстауы және табиғатқа зиян келтірмеуі жалпы қоғамның мәдени деңгейін көрсетеді. Тазалыққа бейжай қарамайтын ортада тәртіп те, өзара сыйластық та жоғары болады.

«Таза Қазақстан» акциясы аясында еліміздің өңірлерінде абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, ағаштар отырғызылып, өзен-көлдердің жағалаулары тазартылуда. Бұл шаралар қоршаған ортаны жақсартумен қатар, азаматтардың табиғатқа деген көзқарасын өзгертуді мақсат етеді. Әсіресе жастардың белсенді қатысуы экологиялық мәдениеттің болашақта тұрақты дәстүрге айналуына негіз қалайды.

Қоғамның өркениеттілігі – оның табиғатпен үйлесімді өмір сүру қабілетінде. Таза орта – денсаулықтың, жайлы өмірдің және тұрақты дамудың кепілі. Сондықтан экологиялық жауапкершілік әрқайсымыздың саналы таңдауымызға айналуы тиіс. Табиғатты қорғау – бүгінгі ұрпақтың ғана емес, келешек буынның алдындағы ортақ міндет.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *