Құтқарушыларға қосымша ақы төленеді – Үкімет
Оның мөлшері лауазымдық жалақының 70%-ын құрайды.
Жұмыстағы қауіп-қатер үшін қосымша ақы жедел-құтқару жасағы, Республикалық жедел-құтқару жасағы, Апаттар медицина орталығы мен «Қазселденқорғау» қызметкерлеріне төленеді.
ТЖМ деректері бойынша 2 мыңнан астам құтқарушы қосымша ақы алады. Қаулы жыл басынан бері болған барлық қауіпті операцияларға қатысты болмақ.