ЖАҢААРҚА АРУЫ – 2025 ✨
Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған дәстүрлі сұлулық пен парасат сайысы биыл да жоғары деңгейде өтіп, өз мәресіне сәтті жетті!
Бұл кеш — жай ғана сұлулық додасы емес, зерделі ойдың, ұлттық болмыстың, шығармашылық шынайылығының және жас таланттардың жарқын мерекесіне айналды. Байқауға ауданның ең белсенді, өнерлі, білімді арулары қатысып, әрқайсысы өз дарынын жан-жақты көрсете білді. Залда керемет атмосфера орнап, көрермендер қыздардың әрбір өнерін ыстық ықыласпен қолдап отырды.
Биылғы байқау нәтижесі төмендегідей болды:
Бас жүлде
Б.Амалбеков атындағы тірек мектебінің 11-сынып оқушысы
Бақтияр Еркеназ Жанболатқызы
I орын
Б.Амалбеков атындағы тірек мектебінің қатысушысы
Төкен Айзере
II орын
Е.Шаханов атындағы тірек мектебінің оқушысы
Серік Нұрай
III орын
Мұқажан Жұмажанов атындағы округтің қатысушысы
Жұмажанова Аяулым
Ақмарал Әлтаева атындағы арнайы номинация
Жаңаарқа ауданы білім бөлімі «Оқушылар үйі» КММ
Өмірзакова Назерке
Көрермен көзайымы
Ғалым Жарылғапов атындағы аграрлық колледж студенті
Корпетаева Аяулым
Әлкен Бекмырзақызы Оспанова атындағы номинация
Оразалы Жұмабеков атындағы тірек мектебінің оқушысы
Батыр Аяжан
Жаңаарқаның сұлу да саналы арулары бұл байқауда тек сахнаның сәнін келтіріп қана қоймай, жастық жігерді, талап пен талбесік тәрбиесін, ізеттілік пен парасаттылықты паш етті.
«Жаңаарқа аруы – 2025» байқауы биыл да өзінің басты мақсатына жетіп, аудан жастарының бойындағы талантты, тәрбие мен көрегендікті, ұлттық мәдениетке деген құрметті кеңінен танытты. Бұл шара тек жеңімпаздарды анықтап қана қоймай, барлық қатысушыларға өзін дамытуға, жаңа достар табуға, үлкен сахнада еркін өнер көрсетуге мүмкіндік берді.
Осындай мәнді де сәнді кештер жастардың рухын көтеріп, өзіне деген сенімін арттыра түседі. Жаңаарқа өңірінің болашағы жарқын екенін осы бір ерекше кеш тағы бір мәрте дәлелдеді.