Жұмысшы мамандықтары – ел экономикасының берік тірегі

Жұмысшы мамандықтары кез келген мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қозғаушы күшінің бірі болып табылады. Өндіріс, құрылыс, ауыл шаруашылығы, қызмет көрсету салалары – барлығы білікті жұмысшы күшіне сүйенеді. Ел экономикасының тұрақтылығы көбіне осы мамандардың шеберлігі мен жауапкершілігіне байланысты. Қазіргі кезеңде жұмысшы мамандықтарының маңызы бұрынғыдан да артып отыр. Индустрияландыру, жаңа технологиялардың енгізілуі кәсіби даярлығы жоғары кадрларды қажет етеді. Сондықтан кәсіптік-техникалық білім беру жүйесінің сапасын арттыру – маңызды міндет. Бүгінгі жас талапты жұмысшы маман болып қалыптасса, ертең ел өндірісінің қуатын арттырады. Еңбек адамының кәсібилігі өндіріс тиімділігін көтеріп, өнім сапасын жақсартады. Қарапайым жұмысшының ерен еңбегінсіз бірде-бір жоба жүзеге аспайды. Қоғамда еңбек адамына деген құрметтің артуы – ел дамуының көрсеткіші. Жұмысшы мәртебесін көтеру үшін мемлекет тарапынан қолдау шаралары жүзеге асуда. Жаңа жабдықтар, заманға сай өндірістік алаңдар, дуальды оқыту жүйесі – білікті шеберлердің қалыптасуына жол ашады. Әрбір маман өз ісін адал атқарса, еліміздің экономикалық әлеуеті арта түседі. Жұмысшы мамандықтарын таңдаған жастар елдің жарқын болашағын жасайтын нағыз еңбек майталмандары. Олар өндірістің, ауылдың, қаланың дамуына өз үлесін қосып келеді. Еңбек адамын қолдау – елді қолдау деген сөз. Сондықтан жұмысшы мамандықтарын насихаттау және олардың еңбегін бағалау – уақыт талабы. Жұмысшы еңбегі қадірленген қоғам әрдайым өседі, өркендейді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *