ТҮГІСКЕН АУЫЛЫНДА ЖАҢА ШАШТАРАЗ ЕЛ ИГІЛІГІНДЕ

Аудан әкімінің 2025 жылғы грантының иегері Наурызбек Тайжан Түгіскен ауылдық округінде жаңа шаштараз ашып, жеке кәсібін бастады.

Бұл жоба — ауыл жастарының кәсіпкерлік бастамаларын қолдау және тұрғындарға сапалы, қолжетімді қызмет ұсыну мақсатында жүзеге асқан нақты қадам.

«Өз ауылымның халқына сапалы қызмет көрсетіп, жаңа жұмыс орнын ашқым келді. Аудан әкімінің гранты — мен үшін үлкен мүмкіндік болды», — дейді жас кәсіпкер.

Жаңа нысан заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған. Мұнда ерлер мен балаларға арналған шаш қию, сәндеу және күтім қызметтері көрсетіледі. Болашақта кәсіпкер әйелдерге арналған сұлулық бұрышын ашуды жоспарлап отыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *