«БАЛАУСА» БАЛАБАҚШАСЫ АШЫЛДЫ

Мұқажан Жұмажанов ауылдық округінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 50 балаға арналған жаңа «Балауса» балабақшасының салтанатты ашылуы өткен болатын. Бұл – ауылдың әлеуметтік дамуына серпін беретін, жас ұрпақты қолдауға бағытталған игілікті бастамалардың бірі.

Заманауи талаптарға толық сай жабдықталған жаңа нысанда кең әрі жарық топ бөлмелері жасақталып, балалардың ой-өрісін, шығармашылық қабілетін дамытуға, ойын арқылы жан-жақты тәрбиелеуге барлық жағдай қарастырылған. Сабаққа қажетті оқу-құралдары, қауіпсіздік талаптарына сай орнатылған жиһаздар мен ойын алаңдары мекеменің басты артықшылығы болып отыр.

Мекемеге 9 тәжірибелі педагог пен маман жұмысқа қабылданып, ауыл тұрғындары үшін жаңа жұмыс орындары ашылды. Бұл өз кезегінде округтің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер ететіні сөзсіз.

Жергілікті жұртшылық «Балауса» балабақшасының ашылуын ауыл өміріндегі қуанышты жаңалық ретінде қабылдап, оның талай балаға білім мен тәрбие беретін маңызды орынға айналатынына сенім білдірді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *