АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ҚОЛДАУ: ЖАҢА ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ПУНКТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Ауыл шаруашылығы саласын дамыту және ветеринариялық қызметтің қолжетімділігін арттыру мақсатында Түгіскен ауылдық округінде жаңа модульді ветеринариялық пункттің ашылу салтанаты өтті.

Жоба 2025 жылы Ұлытау облысы ветеринария басқармасының мемлекеттік сатып алу конкурсы аясында жүзеге асты. Конкурсты 17 млн теңгеге ұтып алған «Нұрлы Аслан» ЖШС басшысы Әділхан Еркебұланұлы нысанды мерзімінде аяқтап, ел игілігіне ұсынды. Пунктте 6 адам жұмыспен қамтылады деп жоспарланған. Сондай-ақ округке жалпы құны 4 970 000 теңге болатын, көлемі 20×20 метр мал қоршауы (загон) да салынды.

Ашылу рәсіміне аудан әкімі Қанат Қожықаев, ауыл ақсақалдары, қоғамдық кеңес мүшелері және жергілікті тұрғындар қатысты.

Аудан басшысы құттықтау сөз сөйлеп, жаңа нысанның ауыл тұрғындарына тигізер пайдасы зор екенін атап өтті. Бұл бастама Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ауыл шаруашылығы мен ветеринария саласын дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау жолындағы нақты қадам екенін жеткізді.

Жаңа ветеринариялық пункт – ауылдағы инфрақұрылымды жақсартып қана қоймай, жергілікті өнімнің сапасын арттыруға, халыққа көрсетілетін қызмет деңгейін көтеруге ықпал етеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *