ШАҒЫН СПОРТ КЕШЕНІ – СПОРТТЫ ДАМЫТУҒА ЖАҢА МҮМКІНДІК

  Сәкен Сейфуллин ауылдық округінің орталығы — Ынтымақ ауылында тұрғындар мен жастардың спортпен шұғылдануына арналған шағын спорт нысаны пайдалануға берілді. Бұл – ауыл тұрғындары мен жастар үшін салауатты өмір салтын қалыптастыруға, спортпен тұрақты айналысуға берілген үлкен мүмкіндік.
Ашылу салтанатына аудан әкімі Қанат Қожықаев қатысып, ауыл жұртшылығын маңызды нысанның іске қосылуымен құттықтады.

“Бұл спорт нысаны – ауыл жастарының бос уақытын тиімді өткізуіне, бұқаралық спортты дамытуға және түрлі деңгейдегі спорттық жарыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізуге ықпал етеді” – деді аудан басшысы.

Жаңа спорт нысанында асық ату, тоғызқұмалақ, теннис, шахмат сияқты ұлттық және зияткерлік ойын түрлерімен айналысуға, сондай-ақ жаттығу құралдарында дене шынықтыруға толық жағдай жасалған. Алдағы уақытта күрес секциясының ашылуы жоспарланып отыр, бұл ауыл жастарының спортқа деген қызығушылығын арттырып, денсаулығын нығайтуға және жетістіктерге жетуге мүмкіндік береді.

Шағын спорт кешені ауыл азаматтарының ұсынысы және мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде, сондай-ақ ауыл азаматтарының демеушілігімен қалпына келтіріліп, жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, аудан әкімі мен ауыл әкімінің қолдауымен жергілікті бюджеттен 26 миллион теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары толық аяқталды.

✨Ынтымақ ауыл жастарының дамуына үлес ретінде Марғұлан Әлжанов пен Мадина Әлжанова демеушілігімен 2,5 миллион теңге көлемінде спорттық залға барлық қажетті дене шынықтыру құралдары сатып алынып, сыйға берілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *