Мектепішілік есеп мәселені шеше ме?
Үлгерімі төмен, сабақтан жиі қалатын оқушылар мектепішілік есепке алынады.
Мұндай балаларға қосымша сабақтар ұйымдастырылып, баланың шығармашылық, спорттық әлеуетін ашуды, әлеуметтік және психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуді қамтитын жан-жақты көмек көрсетіледі.
Оқушыларды есепке алу туралы шешімді білім беру ұйымының алдын алу кеңесі қабылдайды, деп хабарлады Қазақстанның Оқу-ағарту министрлігі.