Келе жатқан Республика күнімен құттықтаймыз!

  Құрметті отандастар! Баршаңызды келе жатқан Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл күн – ел тарихындағы ең маңызды, рухы биік мерекелердің бірі. 1990 жылдың 25 қазанында қабылданған Егемендік декларациясы тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қалаған тарихи қадам болды. Республика күні – еркіндікке ұмтылған халқымыздың арман-мұратын айқындаған күн. Бұл мереке – ел бірлігінің, азаттық пен жаңғырудың нышаны. Әрбір қазақстандық осы күні өз елінің тәуелсіздігімен, жетістіктерімен мақтанады. Республика күні – жас ұрпаққа отансүйгіштік рух сыйлайтын қасиетті мереке. Біз бұл күні өткенімізге тағзым етіп, болашағымызға сеніммен қараймыз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, тәуелсіздігіміз мәңгі болсын! Әрбір шаңырақта бірлік пен береке орнасын. Қазақстанымыздың көк туы биіктен желбірей берсін. Ортақ Отанымыз – Тәуелсіз Қазақстанның келешегі жарқын болсын!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *