Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қызметтік борышын орындау кезінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін бір топ құтқарушыны арнайы марапаттады.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қызметтік борышын орындау кезінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін бір топ құтқарушыны арнайы марапаттады.
Олардың ішінде, Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданы, Түгіскен ауылдық округінің ерікті өртке қарсы құрылымының өрт сөндірушісі Мұхамбетжанов Сайлау Жұмағұлұлы «Құрмет» орденімен лайық деп танылды.
2025 жылғы 18 маусымда ауа температурасының күрт көтерілуіне байланысты аудан аумағында үлкен дала өрті шықты. Өрттің алдын алу және оны жоюға Түгіскен ауылынан ерікті өртке қарсы құрылымның 20 қызметкері мен 6 техникасы жұмылдырылды. Мемлекеттік өрт сөндіру бөлімі ауданнан 150 шақырым қашықтықта болғандықтан, Сайлау Жұмағұлұлының ерлігі ерекше маңызды болды. Ол 48 гектарға жуық алаңды шарпыған өрттің одан әрі таралуына жол бермей, оның сөндірілуіне белсене атсалысты.
Сайлау Жұмағұлұлын лайықты марапатымен шын жүректен құттықтаймыз!
Оның ерлігі – ауданымыздың мақтанышы.