Жедел жәрдем жүргізушілерінің жалақысы өседі
Денсаулық сақтау министрлігі жедел жәрдем жүргізушілерінің жалақысын көтеруге қатысты Үкімет қаулысының жобасын әзірледі. Құжат нормативтік-құқықтық актілер порталында жарияланды.
«Қазіргі уақытта жедел медициналық жәрдем жүргізушілерінің арасында жалақының төмендігі бөлігінде резонанс байқалады. Бұл ереуілдерге (Жаңаөзен қаласында, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарында) алып келіп жатыр. Өз кезегінде Денсаулық сақтау министрлігі ерекше еңбек жағдайлары үшін базалық лауазымдық айлықтан 200 пайыз мөлшерінде жаңа қосымша ақы белгілеуді ұсынады», — делінген қаулы жобасында.
Қаулы 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді.