АУДАН ӘКІМІ ЖАҢА ТЕПЛОВОЗДАРДЫҢ САЛТАНАТТЫ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫНА ҚАТЫСТЫ
Жаңаарқа ауданында “Жаңаарқа пайдалану локомотив депосы” жаңа СКD6S тепловоздармен толықты. Салтанатты шараға аудан әкімі Қанат Қожықаев қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, лента қию рәсіміне қатысты.
Іс-шара аясында ескі ТМ2 маркалы локомотивтердің орнына жаңа СКD6S тепловоздары пайдалануға берілді. Бұл — “ҚТЖ — Жүк тасымалы” ЖШС-нің жоспарлы жаңғырту жұмыстарының бір бөлігі. Ескі техникалар кезең-кезеңімен жаңартылып, өндірістік база заманауи құрал-жабдықтармен толықтырылуда.
Шара барысында теміржол саласының ардагерлеріне Алғыс хаттар табысталды.
Жаңарған техника — өңірдегі теміржол инфрақұрылымын дамытуға және жүк тасымалының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.