ЖАҢААРҚАДА ЖАЛПЫАУДАНДЫҚ СЕНБІЛІК АЯСЫНДА 450 ТҮП АҒАШ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ
«Таза Қазақстан» акциясы аясында Жаңаарқа ауданында жалпыаудандық сенбілік ұйымдастырылды.
Ауқымды экологиялық шараға аудан бойынша 900-ден астам адам қатысып, 130 гектар аумақ қоқыстан тазартылды. Сонымен қатар 450 түп қарағаш және терек көшеттері отырғызылды.
Сенбілікке Жаңаарқа ауданы әкімдігі мен оның бөлімдері, сондай-ақ мекемелер мен ұйымдардың қызметкерлері, еріктілер мен жастар белсене қатысты.
Жаңаарқалықтар алдағы уақытта да туған жердің экологиялық ахуалын жақсартуға және көркейтуге бағытталған игі істерді жалғастыра бермек.