ЕҢБЕК – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ
2025 жыл елімізде Жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланып, бұл бастама қоғамда үлкен серпіліс тудырды. Жұмысшы мамандықтарына жаңа көзқарас қалыптастыру – қазіргі экономикалық даму мен өндірістік саланың басты талабы. Ел Президенті өз Жолдауында кәсіби-техникалық білімді жетілдіру, еңбек адамының мәртебесін көтеру қажеттігін ерекше атап өтті. Бұл бастама еңбек адамын құрметтеу, оның қоғамдағы рөлін айқындау және жастарды нақты мамандықтарға баулу бағытында маңызды қадам болып отыр. Өндіріс, құрылыс, ауыл шаруашылығы, көлік және қызмет көрсету салаларында білікті кадрларға сұраныс күн санап артуда. Мемлекет тарапынан техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын жаңғырту, заманауи құралдармен жабдықтау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Колледждер мен оқу орталықтарында дуальды білім беру жүйесі енгізіліп, студенттер тәжірибені тікелей өндіріс орындарында меңгеруде. Бұл өз кезегінде түлектердің еңбек нарығына бейімделуін жеңілдетіп, тұрақты жұмыс табуына мүмкіндік береді. Жұмысшы мамандығын таңдаған жастар ел экономикасының тірегі болып, өз еңбегімен қоғам дамуына үлес қосуда. Қазіргі таңда елімізде дәнекерлеуші, электрик, механик, аспаз, құрылысшы сияқты нақты мамандардың беделі артып келеді. «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында түрлі форумдар, шеберлік сабақтары, кәсіби байқаулар мен көрмелер ұйымдастырылуда. Мұндай шаралар еңбек адамын ынталандырып қана қоймай, жастар арасында еңбек мәдениетін насихаттайды. Еңбекқорлық пен шеберлік – табысты өмірдің кілті екенін ұғынған жас буын өз болашағын нақты кәсіби бағыттармен байланыстыруда. Бұл бастама елімізде кадр тапшылығын азайтып, өндіріс әлеуетін арттыруға септігін тигізеді. Сонымен қатар, кәсіптік білім алған жастардың өз кәсібін ашып, жеке кәсіпкерлікке бет бұруына мүмкіндік кеңейіп отыр. Еңбек адамына құрмет көрсету – ел дамуының кепілі, қоғамның тұрақтылығының негізі. «Жұмысшы мамандықтар жылы» – тек бір жылдық бастама емес, ұлт болашағын айқындайтын ұзақ мерзімді стратегиялық бағыт. Сондықтан әрбір азамат еңбекке құрметпен қарап, кәсіби шеберлікті жетілдіруге талпынуы тиіс. Еңбек – елдің күші, бірліктің бастауы, болашақтың тірегі.