Зайырлылық — дінге қарсы емес

Қазіргі заманда зайырлылық ұғымы қоғамда әртүрлі түсініктерге ие. Кейбір азаматтар оны дінге қарсы бағыт деп қабылдайды. Алайда бұл — қате түсінік. Шын мәнінде, зайырлылық — мемлекеттің діни емес негізде құрылуын білдіреді, бірақ бұл дінсіздік смес. Зайырлы мемлекетте әрбір азаматтың діни сенім бостандығы заңмен қорғалады. Мемлекет ешбір дінді қолдамайды да, шектемейді. Ол барлық дінге бірдей қарап, азаматтардың ар-ождан бостандығына кепілдік береді.

Асқар Мейрамбекұлы ҚУАТБЕКОВ,
Жаңаарқа ауданы бойынша бас имам,
дін мәселелерін зерттеу секторының теолог маманы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *