Мейірімділік — асыл қасиет

«Мейірімділік — адам жанының айнасы»,-деген дана халқымыз. Мейірімділік адамдардың бір-біріне жылы сойлеуі, жылы сезімін білдіруі, жақсылық ойлауы, игілік жасау арқылы мейірімділікті таныта алуы. Мейірімді, қайырымды, сезімтал адам әрдайым жақсылық жасауға ақ коңілмен көмек қолын ұсынуға қашан да дайын жүреді. Дініміз исламның негізгі мақсаты мен міндетінің бірі — адамдар арасында адамгершілік пен мейірімділікті паш ету. Жер бетінде омір сүрін жатқан адамдар әртүрлі қоғам мүшелері және бұл қоғамның сансыз әдеттері мен ұстанымдары бар. Мейірімділікті біз ананың жүрегінен, әкенің көзінен, қарияның салиқалы жүзінен көре аламыз Осындай адами құндылықтарды баланың бойына құйын, мейірім шуағымен сусындату, өмірімізді гүлдендірері сөзсіз, Мейірімділік — адамның ішкі дүниесінің байлығын, жан сұлулығын, парасаттылығын көрсетеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *