Ұлттық тәрбие бастауы — отбасынан
«Тәрбие басы — тал бесік», «Таяқтау оңай, тәрбиелеу қиын», «Үяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің!» деген қазақ мақалы тегін айтылмаған. Тәрбиенің бастауы, қайнар көзі — отбасы. Отбасы — шағын мемлекет. Осы шағын мемлекет басшысы — ата-ана. Мемлекет басшысына қарап халқы бой түзейтіні сияқты, ата-анасына қарап баласы өседі. Отбасының балаға берері де, үйретері де көп. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дегендей, бала кішкене кезінен бастап өз ата-анасына қарап еліктегіш, олар не істесе соны істеп, солардан үйренгісі келіп, соларға ұқсағысы келіп тұрады. Ата ананың басты міндеттерінің бірі баланы, әсіресе, сәби кезінен ұқыптылыққа, жинақылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Жас ұрпақ — біздің өміріміздің тікелей жалғастырушысы ғана емес, еліміздің
тірегі, мызғымас болашағы.
Амангелді ӘБЖАНОВ,
Жаңаарқа аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы