ҰСТАЗДАР КҮНІ МЕРЕКЕЛЕНДІ

⚜️Ауданымызда Ұстаздар күні кең көлемде аталып өтті.

⚜️Аудандық Мәдениет үйінде ұйымдастырылған салтанатты шараға аудан әкімі Қанат Қожықаев, ардагер ұстаздар мен білім саласының қызметкерлері қатысты.

⚜️Мерекелік жиында аудан басшысы ұстаздар қауымын кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың қоғамдағы ерекше рөліне тоқталды.

«Ұстаз – жас ұрпаққа жол көрсетуші, елдің болашағын қалыптастырушы тұлға. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасында мемлекетіміздің келешегі кемел, білімді ұрпақ өсіп келеді. Баршаңызды кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!» – деді аудан басшысы.

⚜️Құттықтау сөзден кейін бірқатар мұғалімдерге әртүрлі дәрежедегі марапаттар табысталды. Марапаттау рәсімін аудан әкімі Қанат Қожықаев пен аудандық білім бөлімінің басшысы Махаббат Балабаева жүргізді.

⚜️Мерекелік кеш аудан өнерпаздарының әсем әндерімен және мың бұралған билерімен жалғасқан болатын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *