САУДА ОРТАЛЫҒЫ – ЕЛ ИГІЛІГІНДЕ

САУДА ОРТАЛЫҒЫ – ЕЛ ИГІЛІГІНДЕ

Аудан орталығында ашылған жаңа сауда орталығы бүгінде халыққа қызмет көрсетіп, ел игілігіне жұмыс істеуде. Аудан әкімі Қанат Қожықаев кәсіпкерлік нысанның қызметімен танысты.

Кәсіпкерлікпен айналысуды 20 жыл бұрын бастаған аудан тұрғыны бүгінде кәсібін кеңейтіп, жаңа жобасын табысты жүзеге асырып отыр.

Жаңаарқа кентінің орталық көшесінде орналасқан екі қабатты ғимарат қайта жөнделіп, бүгінде халықтың қажеттілігіне пайдаланылуда. Оның бірінші қабатында әмбебап дүкен жұмыс істейді. Мұнда кеңсе тауарлары, автобөлшектер, киім-кешек және тұрмысқа қажетті заттар сатылуда.

Қазіргі таңда ғимараттың екінші қабаты мен жертөлесі де ретке келтіріліп, халықтың игілігіне жарауда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *