ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРТТАР КҮНІ МЕРЕКЕЛЕНДІ

Жыл сайын 1 қазанда аталып өтетін Халықаралық қарттар күні Жаңаарқа ауданында да кеңінен мерекеленді. Ардақты аға буынға құрмет көрсетуге арналған шара аудандық Мәдениет үйінде ұйымдастырылды.

Бұл күні егде жастағы жерлестеріміздің еңбегіне тағзым жасалып, өмірлік тәжірибесі мен даналығы жас ұрпаққа өнеге екендігі атап өтілді. Аудан әкімі Қанат Қожықаев мерекелік шараға қатысып, ақ батасымен елдің игілігі үшін еңбек еткен зейнеткерлерге жылы лебізін білдірді. Сонымен қатар, бірқатар ардагерлерге ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін алғыс хаттар мен құрмет марапаттары табыс етілді.

Шара барысында ардагерлер көңілді күйге бөленіп, емен-жарқын әңгімелесті. Ән мен жырдан шашу шашқан аудандық мәдени-сауық орталығының өнерпаздары қарттар қауымына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Халықаралық қарттар күні – тек мереке ғана емес, ардагерлердің өнегелі өміріне тағзым ету, олардың еңбегін бағалау, ұрпаққа құрметтің жарқын үлгісін көрсету екендігі айқын көрінді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *