ЖАҢА ДӘМХАНА – ЕЛ ИГІЛІГІНДЕ
✨Ауданымызға қарасты Түгіскен ауылдық округінде ауыл тұрғындарына қызмет көрсетіп отырған жаңа дәмхана бүгінде халықтың сүйікті орнына айналды.
✨“Хан” дәмханасының ашылуында аудан әкімі Қанат Қожықаев құттықтау сөз сөйлеп, лента қию рәсімін өткізген болатын.
✨Отбасылық кәсіпті жүргізіп отырған ерлі-зайыптылар – Сайлау Қожамұратов пен Қымбат Бабашева бүгінде ауыл жұртшылығына сапалы қызмет көрсетуде.
✨Жеке кәсіпкерлер заманауи үлгідегі дәмхананы тұрғызуға 60 млн. теңге қаражат жұмсап, бүгінде ауыл тұрғындары мен қонақтарын қуана қарсы алуда. Нысанның жалпы аумағы – 200 шаршы метр. Мұнда 1 караоке залы, 1 VIP залы, 1 қазақы нақыштағы зал және 80 адамға арналған үлкен зал бар.
✨Қазіргі таңда дәмханада 5 адам тұрақты жұмыспен қамтылып, ауыл экономикасына өз үлесін қосып отыр.