ГРАНТ ИЕГЕРІ НАУБАЙХАНА АШЫП, ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДЕ

 Ауданымызға қарасты Ақтау ауылдық округінде ашылған жаңа наубайхана бүгінде тұрғындарға тұрақты түрде қызмет көрсетуде.

Ауылда бұрын болмаған бұл жобаны іске асырған – ауыл тұрғыны Гүлмира Жарылғапова.

Өз кәсібін ашуды мақсат еткен Гүлмира ең алдымен әлеуметтік осал топқа жататын жандарға арналған 400 АЕК көлеміндегі грантты алу үшін “Мансап” орталығының мамандарынан кеңес алған. Сол жерде оның көпбалалы ана санатына жататыны нақтыланып, “Enbek.business” электрондық порталы арқылы грантқа өтінім беру ұсынылған. Кейін Гүлмира Жарылғапова тиісті құжаттарын тапсырып, арнайы комиссия шешімімен наубайхана ашу үшін қайтарымсыз грантқа ие болған.

Бүгінде жеке кәсіпкердің наубайханасы табысты жұмыс істеп тұр. Тұрғындар күнделікті жаңа піскен нан өнімдерімен қамтамасыз етілуде. Ашылған күнінен бері халықтың сұранысы жоғары. Наубайхананың ашылу салтанатына аудан әкімі Қанат Қожықаев қатысып, кәсіпкерге сәттілік пен табыс тілеген болатын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *