«АРҚАНЫҢ САЛ-СЕРІСІ -2025” БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Жаңаарқа аудандық мәдени-сауық орталығында қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған аймақтық «Арқаның Сал-Серісі – 2025» байқауы өтті.

Ұлттық өнерді дәріптеп, сал-серілер дәстүрін жаңғыртуды мақсат еткен додаға Астана, Қарағанды, Сәтбаев қалалары мен Ұлытау және Ақтоғай аудандарынан он үміткер қатысып, өнерсүйер қауымға ерекше әсер сыйлады.

 Жеңімпаздардың арасында жаңаарқалық Ерқанат Дүйсенбай оза шауып, Абай Құнанбайұлы атындағы бас жүлдені иеленді. Ол 500 мың теңге қаржылай сый мен арнайы марапатқа қол жеткізді. Ұлытау ауданынан келген Ақтөре Қайратұлы Сәкен Сейфуллин атындағы І орын жүлдесімен марапатталып, 250 мың теңгеге ие болды. Ал сәтбаевтық Жоламан Мағзұм пен қарағандылық Баянды Төлеутай ІІ орынға лайық деп танылып, әрқайсысына 165 мың теңгеден табысталды.

Байқаудағы ІІІ орын ақтоғайлық Еркебұлан Мүбарак пен қарағандылық Жалғас Қаппасовқа бұйырып, олар 150 мың теңгелік жүлдені иеленді. Бұдан бөлек, Талғат Жұмашев, Медет Жаманов, Айтмұхаммед Жұмабай және Ерасыл Ерденұлы да арнайы аталымдар бойынша бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттарға ие болды.

«Арқаның Сал-Серісі – 2025» байқауы жас өнерпаздарға шабыт сыйлап қана қоймай, халқымыздың асыл мұрасы – сал-серілер дәстүрін дәріптеудің мәнін айқындады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *