“HANI” – ЕЛ ИГІЛІГІНЕ
Жаңа жыл қарсаңында аудан орталығынан тағы бір жаңа кәсіпкерлік нысан тұрғындарға есігін айқара ашқан болатын.
Бұл жолы ел игілігі үшін “Hani” контитерлік өнімдерін ұсынатын заманауи үлгідегі кофехана іске қосылды.Бүгінгі күні «Hani» кофеханасы әлі күнге дейін үздіксіз жұмыс істеп, аудан тұрғындары мен қонақтарының сүйікті орнына айналды.
Кофеханаға келушілер мұндағы жайлы жағдайды, дәмді тағамдарды және сапалы сервисті ерекше атап өтеді.
Уақыт талабына сай қызмет көрсетіп отырған бұл нысан аудан мәдениетінің дамуына да үлес қосып, жастардың бас қосар ортасына айналды.
«Hani» кофеханасының табысты қызметі ауданымызда кәсіпкерліктің дамуының нақты көрінісі болып отыр.
Кәсіп иесінің қажырлы еңбегінің арқасында ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық әлеуеті артып, тұрғындардың тұрмыс сапасы жақсарып келеді.
Бүгінде «Hani» тек қана тәтті тағамдар мен сапалы қызмет ұсынушы мекеме ғана емес, сонымен қатар жаңа бастамаларға жол ашатын, кәсіпкерлікке ынталандыратын үлгі ретінде бағалануда.
Бұл жоба ауданымызда кәсіпкерлікті қолдау мен дамытуға бағытталған мемлекеттік саясаттың да жемісті нәтижесі екенін көрсетеді.
Алдағы уақытта да «Hani» өз қызметін дамытып, жаңа идеяларды жүзеге асырып, халықтың көңілінен шығуға ниетті.
Ел игілігі үшін жасалған әрбір игі қадам осылайша ауданымыздың көркеюіне, тұрғындардың әлеуметтік жағдайының жақсаруына үлкен септігін тигізуде.