Қасым-Жомарт Тоқаев Люксембург Премьер-министрімен келіссөз жүргізді

 Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясының алаңында Люксембург Премьер-министрі Люк Фриденмен кездесті.

 Келіссөз барысында екіжақты ынтымақтастықтың кең көлемді мәселелері талқыланды.

 Президент Қазақстан мен Люксембург ертеден достық және сындарлы қарым-қатынас орнатқанын атап өтті.

 Сауда-инвестициялық ықпалдастықты дамытуға, сондай-ақ цифрландыру мен қаржы технологиялары салаларындағы бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға ерекше мән берілді.

 Қасым-Жомарт Тоқаев пен Люк Фриден осы мақсатта екі елдің бизнес қауымдастығы арасындағы байланыстарды жандандыруға уағдаласты.

t.me/aqorda_resmi

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *