«ЖАС САҚШЫ» КАДЕТ СЫНЫБЫ АШЫЛДЫ

 Аудан орталығындағы Оразалы Жұмабеков атындағы тірек мектебінде қызметтік міндеттерін атқару кезінде ерлікпен қаза тапқан ауданымыздың тумасы, полиция капитаны Сәкен Салтанатұлы Әшімов
атындағы «Жас сақшы» кадет сыныбы ашылды.

 Сыныптың салтанатты ашылуына аудан әкімі Қанат Қожықаев, аудандық мәслихат төрағасы Юржан Бекқожин және облыстық полиция департаментінің басшылық құрамы мен орынбасарлары, аудан прокуроры мен аудандық ішкі істер бөлімінің басшылық құрамы, сондай-ақ ішкі істер органдарының ардагерлері қатысты.

 Аудан мектептерінің бірінен алғаш рет ашылған кадет сыныбының оқушылары үшін бүгінде арнайы полицей үлгісіндегі формалық киім әзірленіп, оқу кабинеті қажетті көрнекі құралдармен және жабдықтармен қамтамасыз етілген.

 Жоба әскери-патриоттық тәрбиені дамытуға, жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және олардың болашақ мамандығын таңдауға көмектесуге бағытталған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *