«Таза Қазақстан» акциясы – ел көлемінде өткізіліп келе жатқан маңызды экологиялық бастамалардың бірі.

«Таза Қазақстан» акциясы – ел көлемінде өткізіліп келе жатқан маңызды экологиялық бастамалардың бірі. Оның басты мақсаты – табиғатты қорғау, қоршаған ортаны таза ұстау және қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Бұл акцияға мемлекеттік мекемелерден бастап, мектептер, жоғары оқу орындары, түрлі ұйымдар мен еріктілер белсене қатысады. Акция барысында көше, саябақ, орман, өзен-көл жағалаулары тазартылып, қоқыстар жиналады. Сонымен бірге, жас көшеттер отырғызылып, көгалдандыру жұмыстары жүргізіледі. Бұл шара табиғатты қорғап қана қоймай, жастарды еңбекке, ұқыптылыққа тәрбиелейді. «Таза Қазақстан» акциясы жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп, халықтың бірлігін нығайтады. Акция аясында экологиялық білім беру жұмыстары да қолға алынады. Арнайы семинарлар, кездесулер, түсіндіру жұмыстары арқылы азаматтардың табиғатқа деген жауапкершілігі артады. Қоршаған ортаны қорғау – әрбір адамның міндеті екенін насихаттайды. Бұл бастама қоғамның экологиялық мәселелерге бейжай қарамайтынын көрсетеді. Экологияны жақсарту арқылы халықтың денсаулығына да оң әсер етеді. Таза ауамен тыныстау, таза су ішу – әрбір қазақстандықтың құқығы. Сондықтан да бұл акция – болашақ ұрпақ үшін жасалып жатқан игілікті іс. Қазіргі заманда экологиялық мәдениетсіз өркениетті елдің болуы мүмкін емес. «Таза Қазақстан» акциясы осы бағыттағы нақты қадамдардың бірі болып отыр. Халықты жұмылдыру арқылы үлкен нәтижеге жетуге болады. Әрбір адамның табиғатқа деген қамқорлығы – еліміздің ертеңіне жасалған үлес. Таза орта – жарқын болашақ кепілі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *