Жұмысшы мамандықтары – ел экономикасының негізін құрайтын маңызды күш
2025 жыл – елімізде Жұмысшы мамандықтар жылы болып белгіленді. Бұл бастама еңбек адамының қоғамдағы рөлін көтеруге бағытталған. Жұмысшы мамандықтары – ел экономикасының негізін құрайтын маңызды күш. Қарапайым еңбек иелерінің қолымен зауыттар, жолдар, үйлер салынады. Білікті слесарь, дәнекерлеуші, механик немесе электрик – бәрі де қоғам үшін қажет. Жұмысшы болу – ар мен абыройдың ісі. Мемлекет бұл жылы кәсіптік білімге, өндірістік оқытуға баса назар аударуда. Жастарға сұранысқа ие мамандықты меңгеру үшін жаңа мүмкіндіктер ашылуда. Қол еңбегінің қадірін түсіну – ұлттың дамығандығының белгісі. Еңбек адамына құрмет көрсету – болашаққа жасалған инвестиция. Әрбір мықты мемлекет – мықты мамандарға сүйенеді. Жұмысшы мамандықтарын дәріптеу – ел болашағына қызмет ету!