Жаңаарқа кентінде жаңа әлеуметтік нысан – «Батыр» бөбекжайы салтанатты түрде ашылды

  115 орындық бөбекжай бүлдіршіндердің алаңсыз тәрбиеленіп, жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасайды. Мұнда балалардың ерте жастан білім алуы үшін заманауи жабдықтар орнатылып, қауіпсіздік пен ыңғайлылық басты назарға алынған. Сонымен қатар жаңа нысанның іске қосылуы нәтижесінде 30 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.

 Аталған жобаға 235 миллион теңге көлемінде қаржы жұмсалды.

 Ашылу салтанатында аудан әкімі Қанат Қожықаев құттықтау сөз сөйлеп, бөбекжайдың құрылтайшысы, жеке кәсіпкер Нұргүл Охасқызына аудан тұрғындары атынан алғыс білдірді.

– Бұл – ауданымыздың білім беру саласы үшін қуанышты әрі маңызды оқиға. Сіздердің еңбектеріңіз жас ұрпақтың жарқын болашағына қосылған зор үлес, – деді аудан басшысы.

 Жаңа бөбекжай ұжымына табыс тілеп, бүлдіршіндердің шат күлкісі мен балдай қылығы Жаңаарқа төрін әрқашан жарқын етіп, қуанышқа бөлей берсін деген ниет айтылды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *