Қазақстанның болашағы – таза табиғат пен жарқын ортада
Қазақстанның болашағы – таза табиғат пен жарқын ортада. Сол мақсатта қолға алынған “Таза Қазақстан” акциясы – елді мекендердің ажарын ашып, халықты экологиялық мәдениетке баулитын маңызды бастама. Бұл акция әр өңірде тұрақты түрде ұйымдастырылып, қоғамды қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға үндейді. Оның аясында қоқыс жинау, жасыл аймақтарды кеңейту, ағаш отырғызу, су айдындарын тазалау сияқты пайдалы жұмыстар атқарылады. Тазалықты сақтау – бір реттік шара емес, әр азаматтың өмірлік дағдысына айналуы тиіс құндылық.
Аталмыш акцияға мемлекеттік ұйымдармен қатар жастар, еріктілер, еңбек ұжымдары мен белсенді тұрғындар да қатысады. Бірге атқарылған еңбектің арқасында қаламыз бен ауылымыз жайқалған жасыл баққа айналып, халықтың экологиялық мәдениеті артады. “Таза Қазақстан” тек табиғатқа жанашырлықты ғана емес, елдің бірлігін, ортақ іске деген ынтасын көрсететін айрықша қадам болып отыр.