Еңбек адамының еңбегін дәріптеу — уақыт талабы
2025 жыл елімізде Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялануы – еңбек адамын қолдауға бағытталған маңызды қадам. Бұл бастаманың негізгі мақсаты – жұмысшы кәсібінің беделін арттырып, жас ұрпақты кәсіптік білім алуға ынталандыру. Қоғамның дамуы тек жаңа технология мен ғылымға ғана емес, күнделікті еңбектің иесі болып жүрген қарапайым жұмысшыларға да тікелей байланысты.
Жұмысшы мамандықтары – құрылысшы, дәнекерлеуші, аспаз, механик, электрик сынды сан алуан салаларды қамтиды. Оларсыз елдің инфрақұрылымы дамымайды, өндіріс орындары жұмыс істемейді, тұрмыс сапасы арта қоймайды. Сондықтан еңбек адамының еңбегін дәріптеу – уақыт талабы.
Жыл аясында кәсіптік-техникалық білім беруді жетілдіру, дуальды оқыту жүйесін дамыту және жастарды мамандық таңдауда қолдау шаралары кеңінен жүргізілуде. Бұл қадам еліміздің экономикасына серпін беріп қана қоймай, жас буынға сенімді болашақ сыйлайды.
“Жұмысшы мамандықтар жылы” – еңбек адамының абыройын асқақтататын, қоғамды еңбекке құрметпен қарауға шақыратын ерекше жыл.