«АҚЫЛ ОРДА» БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

  Жаңаарқа ауданында 2025 жылғы аудан әкімінің грант иегері, жас кәсіпкер Бауыржан Базарбаев «Ақыл Орда» білім беру орталығының ашылуын өткізді. Ол ұтып алған грантына жобасын жүзеге асырып, көптен күткен арманын орындады.

  Жаңа орталықта оқушыларға ағылшын тілі, түрік тілі және арифметика пәндері бойынша арнайы курстар және рухани құндылыққа негізделген “QissaLab”үйірмесі ұйымдастырылады. Сонымен қатар 5 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.

  Ашылу рәсімінде аудан әкімі Қанат Қожықаев құттықтау сөз сөйлеп, орталықтың жастарға үлкен мүмкіндік беретінін және ауданымыздағы білім саласына серпін қосатынын атап өтті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *