ӘЛЕМДІ ТЕРБЕТКЕН АНА
Дәл осындай керемет тақырыпта ауданымыздың мәдени-сауық орталығында қыз-келіншектерге, аяулы аналарға, ақ жаулықты әжелерге арналған әдемі кеш өткізілді.

Іс-шараны құттықтау сөзімен ашқан аудан әкімінің міндетін атқарушы Қанат Шубайұлы ҚОЖЫҚАЕВ жүрекжарды тілектерін арнады.


Сөз соңы марапатқа ұласты. Ауданымыздың өркендеуіне үлесін қосып, әлеуметтік-экономикалық тұрғыда үлес қосып жүрген нәзік жандыларға түрлі дәрежедегі марапаттар ұсынылды.

Көрермен арулар бұдан бөлек әдемі әуенге, әсем биге куә болды. Мәдени-сауық орталығының өнерпаздары және «Балауса», «Тұмар», «Айр денс» тобының биші қыздары кеш көрігін қыздырды.



Кешті тамашалауға келген аяулы жандарға шоқ гүлдері таратылды.
Өз тілшімізден.