Тазалық — мәдениет айнасы

   «Таза Қазақстан» акциясы – ел болашағына деген жауапкершіліктің айқын көрінісі. Бұл тек сенбілік емес, әрбір азаматтың экологияға, қоршаған ортаға деген көзқарасын қалыптастыратын маңызды шара. Табиғатты аялау, көшені таза ұстау – қарапайым әрекет сияқты көрінгенімен, оның қоғамға берері мол. Әсіресе, бұл бастама жастарға үлкен тәрбие мен үлгі береді деп ойлаймын.

 Жаңаарқа өңірінде де тазалық жұмыстары жүйелі жүргізіліп, қоғам белсенділері мен мекеме қызметкерлері белсенділік танытуда. Қоғамдық орындардың тазалануы – тұрғындардың өмір сүру сапасына да оң әсерін тигізеді. Бұл – бір күндік емес, тұрақты үрдіске айналуы тиіс әрекет. Тазалық – мәдениеттің айнасы десек, осындай игі істер арқылы біз елдің экологиялық мәдениетін көтереміз. Сондықтан бұл бастаманы әрдайым қолдап, жалғастыру маңызды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *