Жұмысшы мамандықтар жылы

Биылғы Жұмысшы мамандықтар жылы – қоғам дамуына үлес қосып жүрген мыңдаған еңбек майталмандарына ерекше назар аударуға мүмкіндік беретін кезең. Электрик, дәнекерлеуші, құрылысшы, механик, аспаз, жүргізуші сынды мамандық иелері – ел экономикасының негізін құрайтын шынайы еңбек адамдары.

Олардың біліктілігі мен адалдығы – күнделікті өміріміздің сапасын айқындайды. Қарапайым көрінетін, бірақ аса маңызды бұл мамандықтар – болашақ жастар үшін де үлгі боларлық жол.

Осындай жылы аясында жастарды жұмысшы мамандықтарға баулу, кәсіптік білімге бағыттау – уақыт талабы. Себебі кез келген қоғамның іргесі – еңбекпен қаланады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *