Тамыз кеңесі өтті
▪ Аудан педагогтары аудандық тамыз кеңесінде бас қосты. “Білім келешегі: адал азамат – кәсіби маман” атты жиында аудан әкімі Қанат Қожықаев құттықтау сөз сөйлеп, ұстаздар қауымына жаңа оқу жылында сәттілік тіледі.
▪ Тамыз кеңесіне қатысушылар үшін аудан мектептері дайындаған көрме ұйымдастырылды. Көрме спикерлері мектептердің жасанды интеллектті қолдануы мен цифрлық технологияны оқыту процесінде тиімді пайдалану әдістерін түсіндірді.
▪ Алқалы жиында бала тәрбиесі мен кейінгі толқынның ілім-білімге құштарлығы кеңінен сөз болды. Сондай-ақ кеңесте білім беру жүйесі мен оны дамыту жолдары талқыланып, былтырғы оқу жылының қорытындысы жасалды. Жетістіктер мен қателіктер сараланды. Алдымыздағы оқу жылының басты міндеттері айқындалды.
▪ Маңызды жиында жыл қорытындысы бойынша білім саласына зор үлес қосқан ұстаздар марапатталды.
Ақнұр Бұхарова, белсенді жас