ТАЗА ҚАЗАҚСТАН – БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ
Қоршаған ортаны қорғау – әр азаматтың қасиетті борышы. Табиғатты аялау, туған жерді таза ұстау – келешек ұрпақ алдындағы жауапкершілігіміз.
Бүгінде елімізде экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Таза Қазақстан» акциясы кеңінен жүзеге асуда. Бұл бастаманың басты мақсаты – қоршаған ортаны ластанудан қорғап, елді мекендерімізді, көшелерімізді, өзен-көлдерімізді қоқыстан арылту.
Тазалық – тек табиғатты қорғау ғана емес, ол – мәдениеттің көрінісі.
Әрбір шаңырақтың ауласы, әрбір ауыл мен қала көшесі таза болса, ол біздің санамыздың, тәртібіміздің айнасы болмақ.
Жастардың белсенділігі, тұрғындардың ұйымшылдығы – акцияның сәтті өтуіне кепіл. Туған жерге жанашырлық таныту арқылы біз табиғатқа деген сүйіспеншілікті арттырамыз әрі болашаққа таза мұра қалдырамыз.
✨ «Таза Қазақстан – таза болашақ!»
Ардақ Досаева, Орынбай а/о тұрғыны