КОНСТИТУЦИЯ – ЕЛДІКТІҢ ТІРЕГІ, ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ НЕГІЗІ

Жыл сайын 30 тамыз күні елімізде Қазақстан Республикасының Конституциясы күні аталып өтеді. Бұл күн – тек тарихи дата ғана емес, тәуелсіз мемлекет ретінде дамуымыздың, ел ішіндегі тұрақтылық пен қоғамдық келісімнің бастауы болған маңызды мереке.

1995 жылы жалпыхалықтық референдум арқылы қабылданған Конституция – еліміздің ең басты заңдық құжаты. Ол – адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ететін, мемлекеттік басқарудың негізгі қағидаларын айқындайтын және ел бірлігін бекемдейтін негіз.

Ата заңымыз қабылданған сәттен бастап еліміз жаңа даму жолына түсті. Осы уақыт ішінде құқықтық мемлекет қалыптасты, демократиялық құндылықтар орнықты, халықтың еркіндігі мен теңдігіне басымдық берілді. Конституцияда көрсетілген нормалар мен баптар еліміздің заңнамалық жүйесінің іргетасын қалады.

Бүгінде Конституция – әділдік пен заң үстемдігін қамтамасыз етудің басты кепілі. Ол – әр азаматтың құқығы мен еркіндігін қорғайтын, қоғамда бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға бағытталған басты құрал. Конституция арқылы мемлекет пен азамат арасындағы сенім артып, елімізде заңға бағыну мәдениеті қалыптасып келеді.
Ата заңға құрмет көрсету – ел болашағына, ұрпақ келешегіне жауапкершілікпен қарау деген сөз. Сондықтан бұл мереке – тек заң саласы мамандарының ғана емес, барша қазақстандықтардың ортақ мейрамы.

Конституция күнімен баршаңызды құттықтай отырып, әр отбасыға береке-бірлік, елімізге тыныштық пен тұрақты даму тілейміз!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *