ОРЫНБАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ 60 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫ ТОЙЛАНДЫ
✨ Жаңаарқа ауданының шежірелі ауылдарының бірі – Орынбай ауылдық округі биыл 60 жылдық мерейлі белесін атап өтті.
✨ Торқалы той салтанатты ашылу рәсімімен басталды. Жиналған жұртшылықты аудан әкімінің орынбасары Мұрат Ибраев пен аудандық мәслихаттың төрағасы Юржан Бекқожин құттықтап, ауылдың өткені мен бүгініне тоқталды. Арнайы лебіздер айтылып, ауыл өнерпаздарының әні мен күйі шырқалып, мерекенің шымылдығы түрілді.
✨ Одан кейін мерекелік шара ұлттық спорттық ойындарға ұласты. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген спортшылар күш сынасып, жеңімпаздар ауыл азаматтарының демеушілігімен бағалы сыйлықтарға ие болды. Қонақтардың құрметіне 14 киіз үй тігіліп, дастарқан жайылды.
✨ Кеш соңын Жаңаарқа ауданының тумасы, өнерімен елге танылып жүрген әнші Марат Доспаев пен ауыл өнерпаздарының шығармашылық ұйымдастыруымен үлкен концертке ұласып, әсем отшашумен түйінделді.
Орынбай ауылы 1965 жылы тың игеру кезеңінде құрылған Целинный кеңшарының негізінде пайда болды. Бүгінде ауылдың негізгі тірегі – мал шаруашылығы. Соңғы жылдары ауызсу жүйесі тартылып, көшелер жарықтандырылды, жолдар жөнделді, футбол және балалар ойын алаңдары орнатылды, саябақ жаңартылды, көпбалалы аналарға арналып тұрғын үй, фельдшерлік-акушерлік пункт салынды.
Әсел Шамғонова, Түгіскен а/о тұрғыны