Конституция – тәуелсіздігіміздің тұғыры

30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні. Бұл – еліміздің тарихындағы аса маңызды күндердің бірі. 1995 жылы бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданған Ата Заң – тәуелсіз Қазақстанның құқықтық, зайырлы, демократиялық және әлеуметтік мемлекет ретінде қалыптасуының негізі болды.

Конституция – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілі. Онда адамның өмірі, ар-ожданы, еркіндігі мен қауіпсіздігі ең жоғары құндылық ретінде танылған. Бұл құжат елімізде заң үстемдігін қамтамасыз етіп, тұрақтылық пен қоғамдық келісімді нығайтуға қызмет етіп келеді.

Ата Заңымыз қабылданғалы бері мемлекетіміз талай сындарлы жолдан өтіп, әлем қауымдастығында орнықты орнын иеленді. Бүгінгі таңда Конституция – елімізде жүргізіліп жатқан реформалардың, әділетті қоғам құрудың берік негізіне айналып отыр.

Конституция күні – әрбір қазақстандық үшін мақтаныш пен жауапкершілікке толы мереке. Ата Заңымыздың қағидаттарын құрметтеу, сақтау және жүзеге асыру – әр азаматтың қасиетті борышы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *