ЖАҢААРҚА КЕНТІНДЕ 10 КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
Жаңаарқа ауданында бас-аяғы 190-ға жуық көпбалалы ана үйдің кезегінде тұрса, оларды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында бүгін Жаңаарқа кентінде 10 алтын құрсақты жан үйлі болды.
Аудан орталығының бір шетінен бой көтерген тұрғын үйлердің кілттерін аудан әкімі Қанат Қожықаев салтанатты жағдайда табыстады.