Таза Қазақстан – таза болашақ кепілі

Қазақстанның табиғаты – қайталанбас байлық. Оны сақтау үшін үлкен бастамалардан бұрын, ең әуелі әрбір азамат өз үйінен, өз ауласынан тазалықты бастауға тиіс.

«Таза Қазақстан» – тек экологиялық жоба емес, ол елдің мәдениеті мен болашағына деген көзқарасты білдіреді. Қалада да, ауылда да тазалыққа мән беріп, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау – келер ұрпақ алдындағы жауапкершілік.

Жерімізді қоқыстан арылтып, орманымызды, өзен-көлімізді таза сақтасақ, табиғат та бізге мол ризашылығын сыйлайды. Әр адамның кішкентай еңбегі үлкен нәтижеге жеткізеді.

Нұрәлі Ахмедин, Байдалы би а/о тұрғыны

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *