ІШКІ ЖОЛДАРДЫ АСФАЛЬТТАУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Жаңаарқа кентіндегі ішкі жолдарды жөндеу шаралары бастау алып, бұған дейін Күшікбай батыр көшесіндегі жолдың негізі дайындалған болатын.

Енді аталған көшеде жолды асфальттау жұмыстары басталды. Бүгінде арнайы техникамен асфальт қабаты төселіп, жол сапасын жақсарту ісі қолға алынуда.

Жөндеу жұмыстары белгіленген мерзімде және сапалы орындалуы аудан әкімі Қанат Қожықаевтың қатаң бақылауында.

Алдағы уақытта Орманбек және Шоң Телқозы көшелерінде де асфальттау жұмыстары басталады деп күтілуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *