Таза Қазақстан – баршамыздың ортақ ісіміз
Табиғатты қорғау – әрбір азаматтың басты борышы. «Таза Қазақстан» бастамасы еліміздің әр өңірінде экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, қоршаған ортаны таза ұстауға бағытталған. Бұл тек бір реттік акция емес, күнделікті өмір салтымызға айналуы тиіс игі іс.
Әрбір ағаш отырғызу, әрбір аула мен көше тазалығы – болашақ ұрпаққа қалдырар аманатымыз. Қоршаған ортаны қорғап, қоқысты сұрыптап, табиғатты аялау арқылы біз өз еліміздің өркендеуіне үлес қосамыз.
Таза Қазақстан – тек табиғаттың сұлулығын сақтау емес, ол – ұрпаққа жасалған қамқорлық, елдің мәдениеті мен жауапкершілігінің айнасы.