Жұмысшы еңбегі – мемлекет тірегінің негізі
Елімізде 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланды. Бұл бастама жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын арттыруға, жастарды осы салаға тартуға және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті кадрларды даярлауға бағытталған. Елімізде жұмысшы мамандықтарға қатысты қандай жобалар жүзеге асырылуда. Еңбек адамының беделін көтеру, кәсіби білім беру және еңбек нарығына қажетті мамандықтар бойынша оқытуды жетілдіру биылғы алға қойылған жоспарлардың бірі. Ел экономикасының негізін құрайтын жұмысшы мамандықтары тек еңбек нарығы үшін ғана емес, қоғамдағы еңбекқорлық пен табандылық идеясын қалыптастыруда да маңызды рөл атқарады. Адал әрі табанды еңбегімен жетістікке жеткен азаматтарды қолдау және құрметтеу — қоғамымыздың басты құндылықтарының бірі болуы тиіс.
Ақнұр Байсова, Талдыбұлақ а/о тұрғыны