АУДАН ӘКІМІНІҢ КЕЗЕКТІ КЕЗДЕСУЛЕРІ ӨТТІ

Жаңаарқа ауданының әкімі Қанат Қожықаев Ақтау және С.Сейфуллин атындағы ауылдық округтерінде болып, жергілікті тұрғындармен кездесу өткізді. Кездесу барысында алдымен ауылдық округтердің әкімдері жыл бойы атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Олар ауылдағы әлеуметтік-экономикалық жағдай, инфрақұрылым, ауыл шаруашылығы мен әлеуметтік нысандардың жұмысы туралы жан-жақты мәлімет ұсынды.

Ауыл әкімдерінің есебінен кейін аудан басшысы аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде кеңінен баяндама жасады. Содан соң бұған дейінгі кездесулерде көтерілген мәселелердің орындалу барысына тоқталып, кейбірі шешілгенін, ал, кейбір мәселелер бойынша нақты шаралар қабылданып жатқанын атап өтті.

Сонымен қатар аудан әкімі ауыл тұрғындарының кезекті сұрақтарына құлақ асып, ұсыныс-пікірлерін мұқият тыңдады. Кездесуге келген жұртшылық жол сапасы, мал жайылымы, медициналық және білім беру салаларына қатысты өз ойларын ортаға салып, шешімді қажет ететін жайттарды ортаға салды.

Қанат Қожықаев көтерілген мәселелердің әрқайсысы назарда болатынын айтып, оларды кезең-кезеңімен шешу үшін нақты жоспарлар әзірленетініне жеткізді. Мұндай кездесулер алдағы уақытта да жалғасып, жергілікті билік пен халық арасындағы байланысты нығайтуға ықпал етпек.

Назгуль Башенова, Ералиев а/о тұрғыны

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *