«Таза Қазақстан» акциясы Жаңаарқада жалғасуда

Елімізде жарияланған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Жаңаарқа кентінде ауқымды тазалық жұмыстары жүргізілуде. Аталған шараның негізгі мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, халықтың экологиялық мәдениетін көтеру және табиғатқа деген жауапкершілікті арттыру.

Акция аясында адам көп шоғырланатын көшелердің бойы, жаяу жүргіншілер жолдары, қоғамдық орындар мен аулалар тазартылып, тұрмыстық қалдықтар жиналды.

Тазалық – тек санитарлық талап қана емес, бұл – мәдениет пен тәртіптің көрсеткіші. Табиғатты аялау, туған өлкені таза ұстау – әрбір азаматтың борышы. Осындай экологиялық бастамалар арқылы қоршаған ортаға деген қамқорлық пен сүйіспеншілік қалыптасып, жас ұрпаққа үлгі болады.

«Таза Қазақстан» акциясы алдағы уақытта да жалғасын тауып, өңірімізді көркейтуге өз үлесін қоса бермек.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *