АУДАН БАСШЫСЫ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ-САУЫҚТЫРУ КЕШЕНІНІҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
▪ Аудан әкімі Қанат Қожықаев дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылыс алаңында болып, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты. Әкім мердігер ұйым – «Балқаш–Жібек жолы» ЖШС өкілдерімен кездесіп, жобаның сапасы мен мерзімі жайлы мәселелерді талқылады. Аудан басшысы нысанның стратегиялық маңызын атап өтіп, құрылысты белгіленген уақытта әрі сапалы аяқтау қажеттігін қадап айтты.
▪ Аталған кешеннің құрылысы 2022 жылы басталған болатын. Бастапқы жобаның құны 947 млн. теңгені құрады. 2024 жылы жобаның сметалық құжаттарына өзгерістер енгізіліп, қайта есептеу нәтижесінде оның жалпы құны 1 млрд. 299 млн. 300 мың теңгеге ұлғайды.
▪ Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары қарқынды түрде жалғасуда. Нысанды биылғы 2025 жылдың шілде айында аяқтау жоспарлануда.
▪ Жоба аяқталған соң заманауи спорт кешені тұрғындардың салауатты өмір салтын ұстануына үлкен мүмкіндік береді деп күтілуде.